Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балдыз қалың" дәстүрі жайлы не білеміз?

Опубликовано:

Қазақтың тұрмыс-салтында дәстүрдің көптеген түрі бар. Солардың арасында еліміздің тұрғындары көп қолдана бермейтін, тіпті ұмыт болғандар да жетерлік. Осыған байланысты қазіргі қоғамда өте сирек кездесетін "балдыз қалың" дәстүрі туралы Sputnik Қазақстан мәлімет берді.

Көрнекі фото: vecher.kz
Көрнекі фото: vecher.kz: Facebook

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Бибизия Қалшабаева "балдыз қалың" қалың малдың бір түрі екенін жоққа шығармады.

Оның сөзінше, айттырылған қалыңдық қайтыс болған жағдайда күйеуі балдызын алған.

"Қазақта балдыз алу кездеседі, ол бертінге дейін бірлі-жарым кездескен. Мұнда да қосымша қалың мал берілген. Балдызын алу көбіне жиендеріне өз анасының сіңлісі бас-көз болсын, өгей шешеге жаутаңдамасын деген мақсаттан туындаған", - деді Қалшабаева.

Басылымның мәліметінше, "балдыз қалыңға" түйе бастатқан тоғыз мал кірген.

Ал қалыңдықтың басқа сіңлісі болмаған жағдайда бұрын төленген малдың жартысы қайтарылған.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақұлы "балдыз қалың" дәстүрін әмеңгерлікке теңейтінін айтты.

"Қазақ басқа ұлтқа қарағанда өмірдің мәнін жақсы білген ғой. Ұрпақ тәрбиелеуді, жақсы ұрпақ қалдыруды мақсат тұтады. Бүкіл өмірін соған арнайды. Анасы қайтыс болғанда баласы жетімдік көрмеуі керек. Ал баласына кім қарайды?
Әкесі басқа әйел алса, бала өгей болып қалады. Сондықтан қазақта "балдыз қалың" деген дәстүр болған. Қайын жұрты балаларға өз баласындай қарайтын қалыңдықтың ең жақын адамын берді", - деді ол.

Профессор бұрын қазақта ондай дәстүр кең өріс алғанын, барлығы екі жақтың келісімімен жасалғанын алға тартты.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта бұл дәстүр ұмыт болған және тұрмыста қолданылмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811652-baldyz-kaly-dstri-zajly-ne-bilemiz/

pixel