Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Головкин осы аптада Нью-Йоркта баспасөз конференциясын өткізбекші

Опубликовано:

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) осы аптада Нью-Йоркта баспасөз конференциясын өткізеді. Бұл туралы The Athletic инсайдері Майк Коппинджер мәлімдеді деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Баспасөз конференциясының тақырыбы украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) орта салмақтағы IBF атағы сарапқа салынатын жекпе-жекті жариялау болмақ.

Майк Коппинджердің мәліметінше, Головкин сондай-ақ баспасөз конференциясында британиялық промоутер Эдди Хирнмен серіктестігі туралы хабарлайды.

Еске сала кетейік, Головкин-Деревянченко жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йорктағы Madison Square Garden аренасында өтеді деп жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811839-bak-golovkin-osy-aptada-nu-jorkta-baspasz-konferenciasyn-tkizbek/

pixel