Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкиннің чемпиондық атаққа таласатын күні ресми түрде белгілі болды (фото)

Опубликовано:

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін Нью-Йорктағы "Мэдисон Сквер Гарден" аренасында 5 қазан күні украиналық боксшы Сергей Деревянченко қарсы өткізетін болды. Қос мықты қазір бос тұрған IBF чемпиондық титулын сарапқа салады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл жаңалықты украиналық боксшының өзі әлеуметтік желіде хабарлады.

Сергей Деревянченко өзі мен Головкиннің жекпе-жегі өтетін күн мен орны көрсетілген постерді Instagram парақшасындағы Stories-те жариялаған.

Еске сала кетейік, Деревянченко таяуда ғана Сауль "Канело" Альварес айырылып қалған, бүгінде бос тұрған IBF белдігіне міндетті үміткер болып табылады.

Мексикалық боксшының командасы украиналық тараппен жекпе-жек жайлы келісе алмаған болатын.

Айа кетейік, отандасымыз осыған дейінгі жекпе-жегінде "Мэдисон Сквер Гарден" аренасында өткізген болатын. Ол уақытта Головкин канадалық қарсыласы Стив Роллстен айласын асырған еді.

Жақында қазақстандық боксшының Сергей Деревянченкомен әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жектің барлық шарттарына келіскені хабарланды.

Скриншот instagram.com/sergiy.derevyanchenko
Скриншот instagram.com/sergiy.derevyanchenko: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811248-golovkinni-cempiondyk-atakka-talastyn-kni-resmi-trde-belgili-boldy-foto/

pixel