RU
"Шашың түсе бастайды": Белгілі модель пластикалық ота жасатқанына неге өкінді?
Жаңалықтар Қоғам

"Шашың түсе бастайды": Белгілі модель пластикалық ота жасатқанына неге өкінді?

Рассказать Вконтакте

Бүгінде елімізде сұлу болып көріну үшін пластикалық ота жасататын жандардың қатары көбейген. Тіпті, бұл шаруаға бір емес бес-алты млн теңгесін аямай құятын нәзік жандар да жоқ емес. Ажарлана түсу үшін отаға жүгінген бикештер қатарында белгілі модель Динагүл Тасова да бар деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".

Сәнқой ару пластикалық ота жасатар алдында ойланып-толғанып шешім қабылдау қажеттігін алға тартады.

"Басында бір апта, екі апта қатты өкіндім. Өйткені ауырды. Анастезия кете бастады. Шашың түсе бастайды. Операциядан кейінгі организмнің кезеңдері болады. Қабылдамауы мүмкін. Не болмаса наркоз тарағаннан кейін гармонды бұзылыс болуы мүмкін", - дейді Тасова.

Ал пластикалық хирург Әлімжан Романкулов бастысы бағаға емес, сапаға мән берген дұрыс деп санайды.

"Бірінші операция жасайтын хирургтың білім-біліктілігін ұялмай түгел сұрау керек. Одан кейін клиниканың сапасына да мән беру маңызды.
Жасаған жұмыстарының нәтижелерін бір қарап шығуды қаперде ұстаңыз. Операцияға дейін және кейін қандай болды екен? Пластика деген ойыншық нәрсе емес",- деп түсіндірді дәрігер.

ҚМДБ Шариғат және пәтуә бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі пластикалық ота жасатуды құп көрмейді.

"Мұрнының пішінін өзгерту, омырауын кішірейту, үлкейту, әжім кетіру үшін бетін тарту, бұған бірқатар ғұламалар тыйым салады. Себебі ол Алла тағаланың жаратылысын өзгертумен тең",- дейді ол.
Сіздің реакцияңыз
0
0
4
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel