Бердібек Сапарбаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Бердібек Сапарбаев премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды. Қазақстан президенті тиісті жарлыққа бүгін қол қойды деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылсын" , - деп жазылған құжатта.
Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметте болған Гүлшара Әбдіқалықова мәжіліс депутаты атанды.
Бердібек Сапарбаев 1953 жылы Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданына қарасты Бесарық ауылыныда дүниеге келген. 1977 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының жоспарлау экономикалық факультетін бітірген. Экономика ғылымдарының докторы, профессор.
1969 жылдың тамыз айынан - Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы «Задария» кеңшарынының №3 бөлімшесінде жұмысшы, әрқилы қарапайым жүмыстарды атқарушы. 1971 жылдың мамырынан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1977 жылдың тамыз-қыркүйек айларында - Мемеңбек жинақ кассасының Қазақ республикалық басқармасында тексеруші. 1977 жылдың қазан айынан - ҚазКСР Қаржы министрлігінің Мәдениетті және денсаулық сақтауды қаржыландыру басқармасында экономист, 1978 жылдың қазан айынан - аға экономист, 1983 жылдың мамыр айынан -жетекші экономист, 1985 жылдың шілде айынан - бас экономист, 1986 жылдың наурыз айынан - бөлім бастығының орынбасары. 1988 жылдан - ҚазКСР Халыққа білім беру министрлігі жоспарлау-қаржы басқармасының бастығы. 1990 жылдан - ҚР Білім министрінің орынбасары.
1994 жылдан - ҚР Президенті және ҚР Министрлер кабинеті Аппаратының қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Бесарык Министрлер кабинетінің Істер басқармасы қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі. 1995 жылдың наурыз айынан - ҚР Министрлер кабинеті Аппаратының жетекшісі. 1995 жылдың қыркүйек айынан - Қызылорда облысының әкімі. 1999 жылдан - Түркістан облысыныңәкімі. 2002 жылдан - ҚР Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы. 2004 жылдан - қаржы вице-министрі - ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төрағасы. 2006 жылдан - ҚР Премьер-министр кеңсесі жетекшісінің орынбасары - ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкіметтің өкілі. 2007 жылы ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.
2007 жылдан мен 2009 жыл наурызына дейін - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
2009 жылдан 2014 жыл қарашасына дейін - Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
2014 жылдың қарашасынан 2015 жылдың қыркүйегіне дейін - Қазақстан премьер-министрінің орынбасары.
2015 жылдың 11 қыркүйегінен 2019 жылдың ақпан айына дейін- Ақтөбе облысының әкімі.
2019 жылдың 25 ақпанында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.
Мемлекеттік марапаттары: «Құрмет» (1999), «Парасат» (2007) ордендерімен; «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1811905-berdibek-saparbaev-premer-ministrdi-orynbasary-bolyp-tagajyndaldy/