Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асқар Мамин азық-түлік бағасын бақылай алмаған әкімдерді сынға алды

Опубликовано:

Үкімет басшысы Асқар Мамин өңір әкімдерін азық-түлік бағасының тым жоғарылап кеткені үшін сынап тастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: UGC
"Есептерге сай, кейбір азық-түліктердің бағасы өсіп бара жатыр. Бұл дегеніміз, біріншіден, әкімдіктер тарапынан іске асырылатын шаралар тапшылығын айқындайды" , - деді Мамин.

Оған қоса, ол сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың бірегей онлайн платформаны құру туралы ұсынысына қолдау білдірді.

Бұған дейін, қазақстандықтар бұл сайттың көмегімен еліміздегі базарлар мен дүкендердегі бағаларды түсіріп жібере алатыны хабарланған.

Бұл шара азық-түлік бағасының шұғыл статистикасын жүргізіп, болашақта оны төмендетуге бағытталған жұмыс жүргізуге таптырмас мүмкіндік болмақ.

Сондай-ақ, сауда және интеграция министрлігінің басшысына алдағы екі аптада тұрақтандыру қорының қызметіне тексеріс жүргізу тапсырылған.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне он әлеуметтік-маңызды азық-түлік түрін өндіру бойынша арнайы жоба жасап шығару міндеті жүктелді.

"Тағы да айтып өтейін, әкімдер әлеуметтік-маңызды азық-түлік түрлеріне қатысты бағалардың өсіп кетуін болдырмау мәселесін жіті бақылауда ұстап отыру қажет. Оған қоса, тиісті шұғыл шараларды қолдана отырып, апта сайын мониторинг жүргізіп тұруы керек" , - деді премьер - министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1811951-askar-mamin-kimderdi-azyk-tlik-bagasy-sin-synga-aldy/

pixel