RU
Шоубиз
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Салтанат Бақаеваның күйеуімен түсірген клипі көпшілікке ұнап қалды (видео)

Жарияланған күні:

Әнші Салтанат Бақаева күйеуіне ән арнап, клип түсірді. Сезімге толы бейнебаян көпшіліктің көңілінен шыққан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Салтанат Бақаева. Фото: Әншінің жұбайының парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Салтанат Бақаева. Фото: Әншінің жұбайының парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

"Қасымда бол" деп аталатын әншінің жаңа туындысы жарияланғанына бірнеше сағат өтсе де, 30 мың қаралым жинап үлгерген.

Бейнебаянды тамашалаған желідегілер әншіге жылы лебізін білдіріп, өз пікірлерін қалдырған.

"Керемет", "Әлі қыз бен жігіт секілдісіздер", "Бақытты болыңыздар", "Өте жарасымды жұп", "Алла тіл-көзден сақтасын", "Әннің әуені жақсы болғанымен, сөзі мүлде түсініксіз екен", "Салтанаттың дауысы жақсы еді. Мына әнде қатты өзгеріп кетіпті".

"Өмірлік жарыңмен клип түсіргенің құптарлық іс екен", "Үлгілі отбасы", "Клип керемет. Тек әннің сөзін түсіне алмадық" деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, бейнебаянның түсірілімінен алынған кадрларды осыдан бірнеше ай бұрын әншінің күйеуі Нұржан Жүсіпов желіге жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/1812563-saltanat-bakaevany-kjeuimen-tsirgen-klipi-kpsilikke-nap-kaldy-video/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif