Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қош бол, жаз: Мереке күндері елімізде ауа райы қандай болмақ?

Опубликовано:

Мерекелік күндерге арналған ауа райы: 29 тамыз – 2 қыркүйек аралығында синоптиктер жауын-шашын болып мен күн суиды деп болжап отыр.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Батыс Сібір мен Орал арқылы өтетін циклонға байланысты республиканың батыс және солтүстік өңірлерінде жаңбырлы және салқын ауа райы сақталады.

Елдің шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында бірте-бірте күн суып, жауын-шашын мен екпінді жел соғуы ықтимал. Бұл күндері ауа температурасы орташа көпжылдық көрсеткіштен 2-4 градусқа төмендеуі мүмкін.

Қазақстанның қалған аймақтарында найзағай соғып, күшті ұйытқымалы жел мен күннің сууы күтілуде.

Еліміздің астанасында дауылды ескерту жарияланды. 29 тамыз күні Нұр-Сұлтанда найзағай соғып, секундына 15-20 метр жел соғуы ықтимал.

Сонымен қатар, синоптиктер Жамбыл облысының тұрғындарына да дауылды ескерту жариялады. 29 тамызда бұл өңірде желдің екпіні секундына 23-28 метрді құрауы мүмкін.

29 тамыз күні Атырау облысының кей аудандарында найзағай соғып, күндіз шаңды дауыл тұруы ықтимал. Желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813488-kos-bol-zaz-mereke-knderi-elimizde-aua-rajy-kandaj-bolmak/

pixel