Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"57 бас мал": Бұрынғы қазақтар қалың малды қалай берген?

Опубликовано:

Қалың малды бірі дәстүрдің тозығы десе, енді бірі "қалыңдықты малға не ақшаға сатып алу" деп түсінеді. Осы орайда этнограф ғалым Тәттігүл Қартаева Sputnik Қазақстан-ға берген сұхбатында қазақ салтының мән-мағынасын ашып берді.

Көрнекі фото: Comode.kz
Көрнекі фото: Comode.kz: Depositphotos

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, этнограф Тәттігүл Қартаева "қалың мал" деп қалыңдық үшін қыздың әкесіне берілетін сыйды атайтынын жеткізді.

Оның айтуынша, қалың мал беру реті мен тәртібі қазақтың әдептік-құқықтық заңында ("Есім ханның ескі жолы", "Қасым ханның қасқа жолы", "Жеті жарғы") бекітілген.

"Қалың малдың көлемі, қай дәуірде болмасын, күйеу жігіттің әкесінің әлеуметтік жағдайына байланысты болады. Зерттеушілер қалың мал төлеудің көлемін үш категорияға: байлар, орта ауқаттылар және кедейлер арасында деп бөлген. Оның көлемі құдалардың әлеуметтік мәртебесіне, жағдайына қарай шешіліп отырған. Ал қалың мал көлемі жөнінде келісуді "неке келісімі" деп атайды. Оны құдалар дастарқан басында талқылап шешкен", - дейді этнограф.

Осы орайда ғалым "қалың мал келісімі" батамен бекітілетінін, ал кей отбасыда бата жасауға молда шақырылатынын айтады.

"Қалың мал көлемі жөнінде келісіп, құдаласу мәселесін шешуге келген құдалардың құрметіне қыз әкесі бәйге беріп, сайыс ұйымдастырып, той жасайды. Келесі күні қыздың әкесі құдаларға түйе, жылқы мінгізіп, киіт кигізіп шығарып салған. Киіттің кәделісін құдаға кигізген, қалғандарының үлесі үй иесінің шешіміне қарай берілген", - дейді Тәттігүл Қартаева.

Этнограф тарихшы И. Ибрагимовтың 1872 жылғы дерегіне сүйене отырып, қалың мал көлемі ақсүйектер арасында – 57, байлар арасында – 37, орташа ауқаттылар арасында – 27, кедейлер арасында – 17 бас малды құрағанын атап өтті.

Ал "қалың малдың құнын ақшалай беруді "домалақ қалың мал" деп атайды екен

Қалың мал беруді әулет мүшелері бірігіп көтеріп, аға, жезделері шамасы келгенше өз үлесін қосқан. Оның толық төленеуі әдетте 1-3 жылға, кей жағдайда бірнеше жылға созылған", - дейді Тәттігүл Қартаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813719-57-bas-mal-bryngy-kazaktar-kaly-maldy-kalaj-bergen/

pixel