RU
Алматы облысында жарылыс болды: Бір адам қаза тапты

Алматы облысында жарылыс болды: Бір адам қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 31 тамыз күні Алматы облысының ТЖД жедел қызметінің пультіне сағат 12:22-де Қарасай ауданындағы Райымбек ауылында орналасқан газбетон блоктарының өндірісмен айналысатын цехте жарылыс болғаны жайлы хабарлама түсті деп жазады ІІМ ТЖК-не сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Газбетондарды өндіру үрдісі кезінде үлкен қысым салдарынан автоклав істен шығып, жарылыс орын алған. Нәтижесінде цех жартылай қирап қалған.

Оған қоса, түтін құбырының жартысы жеке тұрғын үй секторының аумағына құлап кетті.

Сонымен қатар, оқиға кесірінен цех аумағында тұрақта тұрған Мерседес МЛ-300 көлігі мен Тойота Авенсис зақымданды.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

"Оқиға орнында 1961 жылғы ер адамның мәйіті табылды. Оған қоса, төтенше жағдай орнынан түрлі жарақат алған үш адам ауруханаға жеткізілді" , - деп мәлімдеді ІІМ ТЖК.
Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel