Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Куәгерлер: Сиви Махмуди жол апатына түсті (фото)

Опубликовано:

Әнші Сиви Махмуди өз көлігін тізгіндеп келе жатып жол апатына түскен деп хабарлайды куәгерлер. Жол апаты салдарынан шамамен үш автокөлік зақымданған деп жазады Zakon.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: UGC

Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген фотолармен бөлісті. Олардың сөзінше, жол апатына ұшыраған "Порше" көлігінің рөлінде танымал әнші Сиви Махмуди болған.

Видео мен фотолардың авторының сөзіне сүйенген басылымның жазуынша, әнші екі қолының сынуы мен бас жарақатын алған.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: Facebook

Видеодағы кадрлардан соқтыққан екі көлікті көруге болады. Алайда, куәгерлердің айтуынша, жол апатында үш автокөлік соқтығысқан.

KAZ.NUR.KZ редакциясы ақпаратты растау үшін Полиция департаментіне жүгінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1813933-kugerler-sivi-mahmudi-zol-apatyna-tsti-foto/

pixel