Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұлдыздан қорқамын": Қайрат Нұртас шындықты айтып қойды (видео)

Опубликовано:

Белгілі әнші Қайрат Нұртас пен жары Жұлдыз Әбдукәрімова Youtube желісіндегі "Отбасылық коннект" бағдарламасында елдің көкейінде жүрген бірнеше сұрақтарға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Cұқбат барысында өнерлі жұпқа "кім қорқақ?" деген ортақ сұрақ қойылды.

Қайрат Нұртас "Жұлдыздан қорқамын. Түнде көзі былай ашылып кеткен кезде. Көзі дәу ғой", - деп әзілдеді.

Ал әртістің жары да қалжыңмен сөзін жалғап өтті.

"Бәсе, неге түнде жаныма жатпайды десем", - деді Жұлдыз.

Қайрат Нұртастың әйелі шын мәнісінде неден қорқатынын да айтып өтті.

"Мен өзім биіктіктен, судың астынан қорқамын. Бірақ парашюттен секірдім", - деді ол.

Еске сала кетсек, белгілі әнші Қайрат Нұртас 1 қыркүйек білім күнінде ұл-қыздарын оқу орнына алып барғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1814067-zldyzdan-korkamyn-kajrat-nrtas-syndykty-ajtyp-kojdy-video/

pixel