Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қытайдың 50 зауытын Қазақстанға көшіру": СІМ ақпаратты жоққа шығарды

Жарияланған күні:

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қытайдың 50 зауытын Қазақстанға көшіру жайлы ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pexels.com
Көрнекі сурет: pexels.com: Facebook
"Қазақстан-Қытай жобалары екі ел үкіметтері арасындағы индустрияландыру мен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы келісім шеңберінде жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда аталған саладағы бірлескен Қазақстан-Қытай жобаларының тізіміне 27,5 млрд АҚШ доллар сомасына 55 жоба кіреді. Олар келесі салаларда жүзеге асырылады – машина жасау, құрылыс индустриясы, АӨК, химия және фармацевтика өнеркәсібі, сондай-ақ мұнай-газ секторы мен энергетика бойынша бірқатар өзге жобаларда", – деп атап өтті Ермек Көшербаев.

Сонымен қатар, ол Қытайдың 50 зауытын Қазақстанға көшіру жайлы ақпаратты жоққа шығарды.

"Ондай бағдарлама жоқ, болған да емес. Бұндай ақпаратты блогерлер WhatsApp арқылы таратуда. Ондай әңгімелер жүріп жатыр. Алайда, ондай бағдарлама жоқ, ескі зауыттарды ешкім көшірмейді. Қытаймен бірлескен комиссия бар, барлық жобаларды өзіміз іріктейміз. Кейін олар мемлекеттік сараптамадан өтеді. Олар қалаған жағдайда да ескі зауыттарды мұнда ешкім әкелмейді, біздің комиссия ондайға жол бермейді. Ондай жобаға тиым салады", – деп түсіндірді спикер.

Оның айтуынша, елімізде инвестиция бойынша бірінші орында Нидерланды тұр. Тәуелсіздік жылдарында аталған елден Қазақстан экономикасына 87 млрд доллар инвестиция тартылған.

Екінші орында – АҚШ (37 млрд доллар). Үшінші орында – Швейцария (27 млрд доллар). Одан кейін Қытай (17 млрд доллар) және Франция (15 млрд доллар).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1814109-kytajdy-50-zauytyn-kazakstanga-ksiru-sim-akparatty-zokka-sygardy/