Өміріңізге сәттілік әкелетін 10 сөзді білесіз бе?
Жарияланған күні:
Бақытқа жету үшін оған міндетті түрде көп күш жұмсаудың қажеті жоқ. Ең бастысы - болашаққа деген дұрыс көзқарас. Сарапшылардың пікірінше, бар болғаны 10 сөз арқылы өмірде табысты болуға болады екен деп хабарлайды sterlegrad.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Өміріңізге сәттілік пен бақыт әкелетін 10 сөз:
1. Тағдыр
Бұл - адам өміріне басқа сөздерден көп әсер ете алатын сөз. Ол арқылы тағдырдың өзін өзгертуге болады. Бұл сөзді өзіңізге деген сенімділікпен, нақты айту керек.
2. Бақыт
Бұл сіз мақсат еткен нәрсе. Сол себепті аталған сөзді жиі қайталап тұрыңыз. Күнделікті "Мен бақытқа лайықпын" деп қайталап отырыңыз. Айтқан сайын бақытқа бір қадам жақындай түсесіз.
3. Құмарлық
Сізді аяғыңыздан шалдыра алатын құдіреті күшті сөз. Құмарлық, құштарлық - әуестігі бар шынайы махаббаттың белгісі. Ол қалыптасқан қағидаларды жеңіп, жаңа әлемге есік ашады.
4. Махаббат
Күллі әлемге деген махаббат - табысқа жетудің басты белгісі. Бақыт ашық жанды, жүзі күн шашып тұратын адамдарға ғана тиесілі. Адамға, Жаратқанға деген сезімді білдіруден қысылудың қажеті жоқ.
5. Гүлдену
Өміріңіздің рухани және материалды сферасында табысқа жеткіңіз келсе, аталған сөзді жиі қайталап жүргеніңіз абзал.
6. Рақмет
Бұл сөзбен сіз әлемге деген ризашылығыңызды білдіресіз. Бұл сіздің тек алмай, бере алатыныңызды да көрсетеді.
7. Жеңіс
Кез келген жағдайда жеңіске жету үшін осы сөздің күшіне сену керек. "Бүгін мен жеңіске жетемін" деген сөзді қайталай беру қажет.
8. Сенімділік
Бақыт өзіне сенімді адамдардың басына келіп қонады. Өз-өзіңізге күмәнданып жүріп жетістікке жету мүмкін емес. Өз-өзіңізге деген сенміділік бойыңызға қуат береді.
9. Сенім
Өзіңе және тағдырға сенім білдірген абзал. Әрбір маңызды істі бастамастан бұрын өзіңізге, әлемге, өмірге сенетіңізді айтыңыз.
10. Үміт
Көп адамдарды бұл сөз жігерлендіреді. Үміт адамдарға барлығы жақсы болады деген сенім ұялатады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1814316-miriizge-sttilik-keletin-10-szdi-bilesiz-be/