RU
Сиви Махмуди жол апатынан кейінгі жағдайы туралы айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Сиви Махмуди жол апатынан кейінгі жағдайы туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық әнші Сиви Махмуди өз көлігімен жол апатына түсті. Куәгерлер бұл туралы 2 қыркүйек күні хабарлады. Бірнеше күннен кейін эстрада жұлдызы өз денсаулығы туралы айтып, алдағы уақытта болған жағдайды Instagram желісінде баяндап беретінін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айта кетейік, Сиви Махмудидің жол апатынан зардап шеккені туралы хабарлаға қатысты Алматы полициясы пікір білдірген еді.

Анықталғандай, жол апаты Ремизовка көшесінде орын алған болып шықты. Куәгерлер оқиға орнында түсірілген кадрлармен бөлісті.

Осы орайда біз Сиви Махмудиге хабарласып, оның денсаулығы жайлы сұрадық. Қарлыққан дауыспен сөйлеген ол жол апаты жайында ақпаратты теріске шығарған жоқ. Эстрада жұлдызы қазір жағдайы жақсы екенін айтты.

"Сәлеметсіздер ме. Менде бәрі жақсы. Кейінірек Instagram желісіне сурет салсам деп отырмын. Себебі, барлығы уайымдап, жазып жатыр. Өкінішке қарай, бәріне жауап беруге мүмкіндік бола бермейді", - деді әнші.

Ал Сивидің әріптестері мен достары әлеуметтік желіге бірге түскен суреттерін жариялап, әншінің сауығып кетуін тілеп жатыр.

Фото: Instagram Stories Сиви Махмуди

Фото: Instagram Stories Сиви Махмуди

Сіздің реакцияңыз
4
3
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel