Қарағанды облысында анасының қолынан ұрланған сәбидің мәйіті табылды
Жарияланған күні:
Қарағанды облысында дүкеннің жанында анасының қолынан қаскөй ұрлап кеткен үш жасар Максим Гарифулин қайтыс болды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
«Бүлдіршін өлі күйінде табылды. Оны өлтіріп тастаған», - деп хабарлады құқыққорғау органдары.
Еріктілер де ұл баланың мәйіті табылғанын растады.
«Сәбидің денесі табылды. Мән-жайды бізге хабарламады», - деп түсіндірді олар.
Дүкен маңында таныс әйеліне жүгіріп келіп, оның қолынан бүлдіршінді ұрлап кеткен азаматты іздестіріп жатыр. Биыл ол жақсы тәртібі үшін түрмеден уақытынан бұрын босап шыққан.
Ұрлықтың себебі - ол жас әйелді жақын қарым-қатынасқа итермелеп жүріп, кері жауап алғанда баланы тартып алып кеткен.
Белгілі болғаны, бүлдіршіннің анасы мен күдікті азамат таныс болыпты.
Полиция баланың мәйітін ауыл маңынан тауып алғанын мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, 5 қыркүйек күні ер адам дүкеннің жанында тұрған 22 жастағы танысының үш жасар ұлын қолынан жұлып алып кеткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1815164-karagandy-oblysynda-anasyny-kolynan-rlangan-sbidi-mjiti-tabyldy/