Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үш жасар баланы ұрлап, өлтірді деп күдіктелген жігітке республикалық іздеу жарияланды

Опубликовано:

Бүгін, 8 қыркүйекте, үш жасар баланың ұрлануы мен өліміне байланысты өткен шұғыл брифингте Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы қылмысқа күдікті азаматқа республикалық іздеу жарияланғанын мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

ррррррр
Фото: NUR.KZ: Original
«Сопыжанов Игентай Кәрімұлы, 1996 жылы туған, республикалық іздеудегі қылмыскерлер тізіміне енгізілді.

Бүгін Шет ауданы, Бұрма елдімекенінің маңынан жас баланың мәйіті табылды. Денесі ауыл шетіндегі орман екпесінде бұтақтармен жабылған. Өлімнің себебін тағайындалған сараптама көрсетеді.

Сопыжанов баланы ұрлау және өлтіру ісі бойынша күдікке ілінді.

Біз бүлдіршінді Бұрма ауылынан ғана емес, көршілес Дарья ауылынан да іздедік.

Сәбиді іздеуге 600-ден астам полиция қызметкері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен кинологтар қатысты. Квадрокоптер пайдаланылды», - деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

Белгілі болғаны, марқұм баланың анасы мен күдікті жігіт кезедсіп жүрген.

«Олардың жеке қарым-қатынастары болған. Екеуі бір-бірін жақсы біледі. Игентай Сопыжанов бұрын осы әйелдің туысын өлтірген болатын. Ал осы жылдың ақпан айында, төрт жыл жазасын өтеген соң ол шартты түрде босатылған», - деді Ерлан Файзуллин.

Облыстық полиция бастығының сөзіне қарағанда, тәртіп сақшылары барлық посттарда күдіктіні іздеу үшін көліктерді тексереді.

«Бағдарлар барлық облыстарға таратылды - станцияларға және такси жүргізушілеріне», - деді Ерлан Файзуллин.

«Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен, 17.11.1996 жылы туған Сопыжанов Игентай Кәрімұлы іздестірілуде.

Белгілері: бойы 175-180 см, арық дене бітімді, шашы қара, қысқа.

Ол үстіне ашық түсті капюшонымен қоңыр күрте, қара көк джинсы, аяғына қара "берцы" киген.

Мына нөмірлер бойынша хабарласу сұралады: 8 (7212) 42 90 25, 42 91 90, 8 701 503 88 87, 8 701 750 37 52", - делінген полиция хабарламасында.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Қарағанды облысында осыдан бірнеше күн бұрын анасының қолынан ұрланған үш жасар сәбидің мәйіті табылғаны туралы хабарлаған едік.

5 қыркүйек күні ер адам дүкеннің жанында тұрған 22 жастағы танысының баласын қолынан жұлып алып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815181-s-zasar-balany-rlap-ltirdi-dep-kdiktelgen-zigitke-respublikalyk-izdeu-zarialandy/

pixel