Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Тоқаевтан көмек сұрады
Жарияланған күні:
Қытайда есірткі контрабандасы үшін сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Зухра Сейтімова мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды деп хабарлайды Tengrinews.kz cайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Хатта келіншек қызының өзге елде темір торға қалай тоғытылғанын және тергеу жұмыстары қалай жүріп жатқанын баяндаған.
Зухра Сейтімова оқиғаның барлығы Ақжарқын мен оның жанұясының өміріне, денсаулығына кері әсерін тигізіп жатқанын да атап өткен.
Сондай-ақ, ол 2015 жылы Орталық Азия аймақтық ақпараттық және координациялық орталығы Ақжарқынның нигериялық топтың құрбаны болғанын ресми түрде растағанын еске салды.
"Алайда, ҚР ІІМ қызымды шетелдік азғырушылардың қолынан жәбірленген азаматша ретінде тану үшін тиісті шаралар қабылдап жатқан жоқ",- деген ол президенттен Ақжарқынды отанына қайтару үшін тиісті шаралар қабылдауға көмектесуді сұрады.
Айта кетейік, Қазақстан азаматшасы Ақжарқын Тұрлыбай Гуанчжоу әуежайында бес жыл бұрын ұсталған. Ол есірткі контрабандасы үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бойжеткен өз кінәсін мойындаған жоқ. 2014 жылы ол өз туыстарына хат жазды.
Кейіннен қорғаушылар аппеляция берді. Осы жылдың қыркүйек айында Гуанчжоу сотында жаңартылған іс бойынша отырыс өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815311-kytajda-sottalgan-akzarkyn-trlybajdy-anasy-tokaevtan-kmek-srady/