RU
"Есірткіге әуес": Белгілі журналист неліктен жұлдыздардың дінге жақын екенін айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Есірткіге әуес": Белгілі журналист неліктен жұлдыздардың дінге жақын екенін айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасы бар әншілердің есірткіге әуес екенін журналист Қасым Қарабалин ашып айтты. Ол жұлдыздардың арасында нашаны былай қойып, кокаин иіскеп жүргендер де бар екенін жеткізді деп хабарлайды Алаш айнасы басылымы.

Көрнекі фото: pixabay

Көрнекі фото: pixabay

Журналист ата-аналары есірткіге әуес әнші балаларын "адам қылып беріңдерші" деп дін жолындағы елге елеулі жігіттерге жетектеп апарып тапсырғанын алға тартты.

"Олар есірткісіз тұра алмайтын есер ұлды намазға да жығып көрді, қажылыққа да апарып бақты. Бірақ нәтиже жоқ. Нәтиже емес-ау, ол бейбақта дінді қабылдай алар сана да қалмаған. Уақытының көбін кокаинның уытына арнаудан басқаға миы жетпей жүр", - деп ашынды Қасым Қарабалин.

Белсенді жігіттің сөзінше, эстрада жұлдыздарына дін жолына қабылдап көрген дөкей ағалары да ештеңе істей алмаған.

"Оған өздері кінәлі. Әбден ақшаға құнығып кеткен. Ұлдарын миллиондар табатын "кассовый аппарат" ретінде ғана пайдаланды. Ал тәрбиелері тәпішкенің астында жатыр", - деді журналист.

Қасым Қарабалин танымал адамдардың дінге не үшін құмар екендігін де түсіндіріп өтті.

"Жалпы, біздің эстрада, спорт, әдебиет "жұлдыздары" неге дінге құмар десеңіз, оның басты себебі осында жатыр, ағайын! Наша шегеді, кокаин иіскейді. Кеңес өкіметі кезіндегі Владимир Высотский секілді арақ ішетін атақтылар қазіргі өнер иелерінің қасында жіп есе алмай қалған. Өкінішті-ақ!" - деп сөзін қорытындылады ол.
Сіздің реакцияңыз
9
10
12
3
2
20
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel