RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Елімізде тойды түнгі он екіден кейін тойлауға шектеу қойған аймақты білесіз бе?

Жарияланған күні:

Жамбыл облысында орналасқан Тұрар Рысқұлов ауданында тойға қатысты жаңа ереже кеңінен етек алған. Көктемнен бері қолданысқа енген жергілікті биліктің талабы бойынша мерекелік кеш түнгі сағат 00:00-дан аспауы керек. Қуанышын уақытында аяқтай алмағандар мен мейрамхана қожайындарын ірі көлемде айыппұл күтеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay
Көрнекі фото: pixabay: Facebook

Аудан тұрғындарының сөзінше, ереже тойларда осы жылдың наурыз айынан бері қолданылуда.

Олар сағат 00:00-де жарты сағат уақыт қалғаны айтылып, мейрамхана әкімшілігінен ескерту болатынын жеткізді.

"Бізде осы ереже енгенге дейін той түнгі он-он бір кезінде басталып, таңға дейін жалғасатын. Адамдардың мейрамханаға жиналуы үлкен мәселе еді", - деді аудан орталығының тұрғыны.

Ол осы жылдың басында жергілікті билік тарапынан тойды түнгі он екіден асырмау туралы талап шыққанын айтты.

Тұрғынның сөзінше, бастапқыда халықтың ережеге мойынсынуы қиынға түскен.

"Алғашында адамдар үйренісе алмай жүрді. Уақыт өте келе көбісі ерте келуді әдетке айналдырды. Қазір бәрі тамаша. Қонақтар уақытында келетін болды. Той кешкі сегіздерде басталып он екіге дейін жалғасады. Тура он екіде тойды аяқтауға жарты сағат қалғаны хабарланып, ескерту айтылады. Он екі жарымға дейін қуаныш иелері мерекелік кешті аяқтай алмаса, мейрамхананың қожайыны мен тойды жасап жатқандарға айыппұл салынатынын естідік", - деді Құлан ауылының азаматы.

Бұл ақпаратты Тұрар Рысқұлов аудандық әкімдігі де растады.

Олар бұндай қадамға қылмыстың алдын-алу үшін барғанын жасырмады.

"Ереже осы жылдың наурыз айынан бастап қолданыста. Бастапқыда тұрғындарды үйрету үшін, екі ай уақыт берілді. Одан кейін айыппұл салынатыны да хабарланды", - деді ведомство.

Әкімдіктің мәліметінше, ережені аудандық "Ақсақалдар кеңесі" мақұлдаған.

Сондай-ақ, жергілікті биліктің талабына мейрамхана, тойхана, ойын-сауық орталығының басшылары қарсы келмегені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816168-kazakstanda-tojdy-tngi-0000-den-asyruga-sekteu-kojgan-ajmakty-bilesiz-be/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 6

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

Аноним000

Иə. Солай. Біз Луговой, яғни Құланның тұрғындарымыз. 00:00 той тарқау қажет.

Comment reaction

Аноним000

Иə. Солай. Біз Луговой, яғни Құланның тұрғындарымыз. 00:00 той тарқау қажет.

Comment reaction

Нурлан87

Меркиде коктемнен бастап тунги 12 де той битеди

Гулсім

туркістанда сондай

Гулсім

туркістанда сондай

Нурлан87

бул Меркиде солай тунги 12ге дейн

jitsu gif