RU
6 кредит, екі бала: Нұр-Сұлтанда жас жігіттің неліктен көпірге шыққаны анықталды

6 кредит, екі бала: Нұр-Сұлтанда жас жігіттің неліктен көпірге шыққаны анықталды

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық даму басқармасының басшысы Талғат Рахманберді Есіл өзенінің үстіндегі көпірге шығып алған азаматқа қатысты төтенше жағдай туралы пікір білдірді. Ер адамның не себепті мұндай қадамға барғаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ччччч

Коллаж:NUR.KZ. Фото: facebook.com/groups/proastana

Көпірге арқан арқылы мінген азаматтың аты-жөні - Рүстем Ережепов.

1991 жылғы жігіт елордада екі жылдан бері тұрып жатыр екен. Еш жерде жұмыс істемейтін азаматтың екі баласы бары анықталды.

Бұған дейін ол әкімдікке барып, көмек сұраған: азамат кезексіз үй немесе жер учаскесін алғысы келіпті. Сонымен бірге, өзінің ауыр қаржылық жағдайда тұрғанын, банктерге 1,3 миллион теңге көлемінде қарыз (6 кредит) екенін хабарлаған.

Билік өкілдері оған демеушілік қолдау тауып, баспана жалдауға және қаржылық мәселелерін шешуге көмектескен. Соған қарамастан, дені сау бола тұра Рүстем жұмыс істемепті.

Оған қоса, ер адамға "Еңбек" бағдарламасы бойынша СҚО-ға көшу туралы ұсыныс жасалған - облыста оған жұмыс табылып, тіпті жеке үй де берілмек болған.

Алайда, келісмге келмеген Рүстем Ережепов бүгін көпірге шығу туралы шешім қабылдапты. Оны психологтар мен құтқарушылардың көмегімен жерге түсірді.

Сіздің реакцияңыз
17
0
2
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel