Нұр-Сұлтанның қақ ортасында ер адам көпірге мініп алды (фото, видео)
Опубликовано:
Нұр-Сұлтанда белгісіз азамат Есіл өзенінің үстіндегі көпірге шығып алды. Төтенше жағдай кезінде түсірілген кадрлар желіде таралуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елордалық полиция департаментінің ақпаратынша, мемлекеттік қызметкерлердің бірі арқанмен көпірдің жоғарғы жағына көтеріліп бара жатқан ер адамды көрген. Бұл түскі сағат 15:35-те болыпты.
Оқиға орнына бірден жедел қызмет аттанған.
Tengrinews.kz жазуынша, 16:30-да азаматты жерге түсуге көндіріпті. Онымен психолог жұмыс істеген.
Айта кетрелігі, ТЖ салдарынан көпірдегі көлік қозғалысы тоқтатылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816175-nr-sltanny-kak-ortasynda-er-adam-kpirge-minip-aldy-foto-video/