Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екінші рет тұрмысқа шыққан келіншек енесінен көріп жүрген қорлығын жайып салды

Жарияланған күні:

Көкшетау қаласының тұрғыны жақында тұрмысқа шыққанын айтады. Бұл келіншектің екінші некесі. Алайда бүгінде Гаухар бұл шешіміне қатты өкініп жүр. Себебі енесі келінінің намысына тиіп, бұрынғы отбасын есіне түсіре беретін көрінеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Гаухар (ред. ескертпе кейіпкерлердің аты-жөні өзгертілген) бірінші рет 23 жасында тұрмысқа шыққан екен. Бірақ көп ұазмай күйеуі ішімдікке салынып, келіншегіне қол көтеретін болған. Жас әйелге ешкім араша түспепті. Кезекті отбасылық жанжалдан кейін Гаухар түсік тастап, әлі дүниеге келмеген баласынан айырылып қалған.

"Мен жарты жылдан көп уақыт бала көтере алмай жүрдім. Дәрігерге қаралып, ем қабылдағаннан кейін аяғым ауырлады. Көптен күткен жаңалық болған соң, денсаулығыма үлкен мән беріп жүрдім. Дәрумендер қабылдап, дұрыс тамақтануыма көңіл бөлетінмін. Күйеуім баламыздың болатынын білген соң өзгеретін шығар деп ойладым. Бірақ ол ішімдік ішуін қойған жоқ. Бір күні үйге мас күйінде келіп, мені себепсізден-себепсіз ұрды. Ауыр соққыдан түсік тастадым", - дейді кейіпкер.

Осы жағдайдан кейін жас келіншек ажырасуға шешім қабылдаған. Заттарын жинап ата-анасының үйіне кетіп қалыпты. Күйеуінің кешірім сұрағанына қарамастан, қайын жұртына қайтып оралмаған екен.

"Кез келген әйел үшін ажырасу оңай емес. Көпшілік некеміздің бұзылуына мені кінәлады, отбасын сақтай алмады деп айыптады. Мен көптен күткен баламнан айырған адамды кешіре алмадым, кешіргім келмеді. Бұдан кейін ешқашан тұрмысқа шықпаймын деп ойладым. Бар уақытым мен назарымды жұмысқа бөлдім", - дейді ол.

Гаухар қаладағы орта мектептердің бірінде мұғалім болып қызмет істейді. Көкшетау қаласының тұрғыны осыдан біршама уақыт бұрын жақын достары Жомарт есімді азаматпен таныстырғанын айтады. Жас жігіт келіншекке бірден ұнаған екен. Бірақ бұрын тұрмыста болған келіншек ер азаматпен жақын қарым-қатынас жасауға қорыққса керек.

"Мен жай ғана кездесіп жүргім келмеді, жүрегімнің түкпірінде отбасын құрғым келетін. Бала туып, төрт құбыламның түгел болғанын қаладым. Жомарттың да маған деген сезімі бар екенін білетінмін. Ол менің бұрыңғы өмірім туралы жақсы білетін. Бірақ бұрын үйленбеген азаматтың, маған ұсыныс жасайтынына күмәнім болды. Оның үстіне оның туыстары да маған қарсы болуы да мүмкін еді", - дейді кейіпкер.

Алайда, көп ұазамай Жомарт Гаухарды анасымен таныстырып, отбасын құрғысы келетін хабарлаған. Бастапқыда сүйіктісінің ата-анасы қарсы болғанымен, жас жігіт өз дегенінен қайтпаған. Нәтижесінде үйлену тойы жоғары деңгейде өтіп, көпшіліктің көңілінен шыққан.

"Тойдан кейін енеммен тіл табысуым қиын болып кетті. Күйеуімнің анасы туысқандарымызға менің бұрын күйеуімнің болғанын айтып отыратын. Мен үнсіз шай құйып отыруға мәжбүр болатынмын. Ол кісі отбасының бір адамның кесірінен ғана бұзылмайтынын жиі айтады. Баласы екеуміз үйленбей тұрғанда, маған қоңырау шалып, ажырасқаннан кейін ешкіммен төсектес болмағаным туралы сұраған еді. Енемнің бұл сауалы мені таңғалдырған болатын. Бірақ Жомарт анасының әңгімесіне көңіл бөлмеуімді өтінді", - дейді келіншек.

Алайда жақында Гаухардың үйінде үлкен жанжал болған. Жас келіншек енесінің кезекті намысына тиетін сөзіне шыдамай, оның бетін қайтарып тастаған екен. Нәтижесінде үлкен ұрыс болып, шаңырақтың берекесі кеткен көрінеді.

"Жанжал кезінде енемнің маған айтпаған сөзі қалмады. Егер менің балам саған үйленбегенде, сені ешкім күйеуге алмайтын еді дейді. Мені жүргіш әрі бұзылған әйел деп атады. Бірінші күйеуіне қыз болмай шыққансың, сол себептен ол сені тастап кетті деп айыптады", - дейді көкшетаулық келіншек.

Гаухар қазір не істерін білмей жүр. Заттарын жинап, кетіп қалуға намыстанады. Ал жұбайы болса, анасының сөзіне мән бермеуді өтінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816572-ekinsi-ret-trmyska-sykkan-kelinsek-enesinen-krip-zrgen-korlygyn-zajyp-saldy/