Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбде бір топ адамды қағу оқиғасынан 9 жасөспірім зардап шеккен

Жарияланған күні:

Хромтауда көліктің бір топты адамды соғуы салдарынан 9 тұрғын зардап шеккен. Олар студенттер мен оқушы. Барлығы ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов: UGC

Полицияның мәліметінше, оқиға 14 қыркүйек күні шамамен 09:55-те болған.

"ВАЗ 21140" көлігінің жүргізушісі кәмелет жасына толмаған адамдар тобын соғып кеткен.

Яғни 20 жастағы жүргізуші көлік тұрағынан жүретін жолға шыққан. Алайда рөлге тізгініне ие бола алмай жол жиегінде кетіп бара жатқан кәмелет жасына толмаған балаларды және "Хромтау тау-кен техникалық колледжінде" оқитын студенттерді қағып кеткен.

Жол апатынан кейін жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқан. Алайда бірнеше уақыттан кейін полиция қызметкерлерімен ұсталған. Көлік айыппұл тұрағына қойылған.

Жол апаты салдарынан колледждің 8 студенті мен орта мектептің дайындық сыныбының бір оқушысы Хромтау қаласындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілген. Оларға мекемеде медициналық көмек көрсетілген.

Зардап шеккендер жартысы ақ халаттылардың көмегінен кейін үйіне қайтырылса, аздаған жарақат алған үш зардап шегуші медициналық мекемеде қалып отыр.

Айта кетейік, аталмыш факті бойынша көлік жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 611-бабының 3-бөлігі және 610 бабы 3 бөлігімен іс қозғалды.

Жүргізушінің көлік жүргізу куәлігі жоқ. Қосымша деректер анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысы Хромтау қаласынжа жас жігіттің бір топ адамд соғып кеткені хабарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816609-aktbde-bir-top-adamdy-kagu-okigasynan-9-zasspirim-zardap-sekken/