RU
Шамалғандағы апат: Дәрігерлер зардап шеккендердің қазіргі жағдайын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Шамалғандағы апат: Дәрігерлер зардап шеккендердің қазіргі жағдайын айтты

Рассказать Вконтакте

Шамалған бекетіндегі пойыз бен автобустың соқтығысуынан зардап шеккендердің қазіргі жағдайын Қарасай аудандық орталық ауруханасының дәрігері айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бақыт Шоқанұлы. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бақыт Шоқанұлы. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақ халаттылардың сөзінше, зардап шегушілер үшеу - анасы мен үш және бес жастағы екі бала.

"Зардап шеккен үш адам түсті, олар 1986 жылы туған анасы және оның -2014, 2016 жылы туған екі баласы. Бүгінгі таңда анасының жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда, ол жансақтау бөлімінде, есін біледі, сұрақтарға жауап беерді. Ем алуда, облыстық мамандар тексерді", - деді Қарасай ауданы орталық ауруханасы басшысының орынбасары Бақыт Шоқанұлы Жәмеков.

Оның сөзінше, әйелге жабық бас сүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, оң жақ иығының сынуы, 8-ден бастап 11-ге дейінгі сол жақ қабырғасы мен оң жақ 11 қабырғасы көкірек қуысының жабық сынуы, травматикалық есеңгіреу диагнозы қойылған.

Одан бөлек, кеше үлкен балаға ота жасалған.

"Үлкеніне кеше ота жасалды, кішісін бүгін нейрохирургтар, травматологтар, хирургтар қайта қарайды. Балалар өкпені жасанды желдету аппаратында қалады, жағдайлары ауыр. Кішісінде қосарлас жарақат, жабық бас сүйек-ми жарақаты бар және бас миы соғылған, үлкенінің бас сүйегі сынған", - дейді дәрігер.

Ол өзіне берілген ақпаратқа сәйкес, жәбірленушілер жарақатты автобус салонында алғанын айтты.

Еске сала кетсек, күні кеше Шамалған бекетінде пойыз бен автобус соқтығысып қалды. Салдарынан автобус жүргізушісі қаза тапқан, сондай-ақ тағы үш адам ауыр жарақат алған, оның екеуі бала.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмның отбасына көңіл айтты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel