Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анасы мен екі қызы: Шамалғандағы апаттан зардап шеккендердің жағдайы қалай?

Жарияланған күні:

Күні кеше, 15 қыркүйек күні Шамалғанда жантүршігерлік жол апаты орын алды. Жолаушылар пойызы рельсте тұрған автобуспен соғысып қалды. Мамандар қазіргі уақытта зардап шеккендердің жағдайы қалай екенін айтып берді. Бұл туралы "Алматы" телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Әлеуметтік желі
Фото: Әлеуметтік желі: UGC

Тағы оқыңыздар:

"Адамдар маңызды": Автобус жүргізушісінің жолаушыларды түсіргені белгілі болды>>

"Соңына дейін отырды, әйелі - кондуктор": Куәгер көз жұмған жүргізуші жайлы айтты>>

Автобус қызылға өтіп кеткен: ІІМ Шамалғандағы апатқа қатысты пікір білдірді>>

Апат салдарынан зардап шеккендер туралы журналистерге Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ниязбек Өмірзақ айтып берді.

Оның сөзінше, үш адам - бір әйел мен екі бала ауыр жарақат алған.

Зардап шеккен келіншек және үш, бес жастағы қыздар бір жанұя мүшелері, нақтырақ айтқанда, анасы мен екі қызы.

Қазіргі уақытта олар Қаскелең ауруханасында жатыр. Ақ халаттылар келіншектің жағдайы ауыр деп отыр. Ал қыздардың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. Олар медикаментозды ұйқыда жатыр.

Айта кетейік, күні кеше Шамалған бекетінде пойыз бен автобус соқтығысып қалды. Алдын ала ақпарат бойынша, жол апатынан екі адам көз жұмып, тоғыз адам зардап шеккені хабарланған еді.

Алайда, ресми ақпарат бойынша тек автобус жүргізушісінің қаза тапқаны белгілі болды.

Тоқаев марқұмның жанұясына көңіл айтты.

Бас көлік прокуратурасы тергеу барысын бақылауға алды.

ҚТЖ Ақсеңгір-Шамалғандағы жантүршігерлік апат қалай болғанын мәлімдеді.

Куәгерлер адамдардың маңызды екенін айтып, әйелін де қоғамдық көліктен итеріп жіберген автобус жүргізушісі туралы айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816699-anasy-men-eki-kyzy-samalgandagy-apattan-zardap-sekkenderdi-zagdajy-kalaj/