Тоқаев бүгінгі кадрлық ауыс-түйістерге байланысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі кадрлық өзгерістерге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
"Б.Атамқұлов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына ауыстырылды. Ол СІМ өкілеттігінің кеңеюіне байланысты министрліктің құрылымын қайта құру бойынша пайдалы жұмыс атқарды. Табысты еңбек жолынан өткен Р.Скляр Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды", - деді Тоқаев.
Еске сала кетсек, мемлекет басшысының жарлықтарымен Роман Скляр премьер-министрдің орынбасары, Бейбіт Атамқұлов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1817489-tokaev-bgingi-kadrlyk-auys-tjisterge-bajlanysty-pikir-bildirdi/