Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда тағы бір адам көпірге шығып алды (видео)

Опубликовано:

Желіде жаяу жүргіншілер көпірінде тұрған әйел адам бейнеленген видео тарады. Ролик Instagram-дағы astana.times тобында пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Depositphotos

Жазба авторының сөзінше, видеодағы әйел адам көпірден секіріп кетпек болған. Оқиға 18 қыркүйек күні Министрліктер үйінің жанында болған екен.

"Кеше кешке министрліктер үйінің жанынан өтіп бара жаттық, әйел адам жаяу жүргіншілер көпірінен секіріп кеткісі келіп тұр", - деп жазылды ролик астында.

Дәл осындай видео almatypress тобында да пайда болды. Жазба авторының мәліметінше, әйел адам өзіне елордада кезектен тыс үш бөлмелі пәтер беруін талап еткен.

Фото: almatypress парақшасынан скриншот
Фото: almatypress парақшасынан скриншот: UGC

Нұр-Сұлтан қаласы ПД-де әйел адамның полиция бөлімшесіне жеткізілгенін хабарлады.

"Кеше ол қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Профилактикалық әңгімеден кейін үйіне қайтарылды", - деп хабарлады ПД.

Алайда полиция келіншек мұндай әрекетке баруының себебін нақтыламады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елорданың орталығында орналасқан көпірге шығып алған ер адам жайлы хабарланған еді.

Ол өмірлік қиын жағдайға тап болып осындай қадамға барған. Ер азамат қарызға белшесінен батып, үй-жай мәселесін шеше алмай жүріпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817582-nr-sltanda-tagy-bir-adam-kpirge-sygyp-aldy-video/

pixel