Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Туса, өзі үшін туды": Танымал әзілкеш сүндет той жасап шашылатын адамдарға шамданды

Жарияланған күні:

Танымал әзілқой Жүсіп Ақшора YouTube-тегі Aman Tasygan LIVE арнасына берген сұқбатында қазақтың той жасауды тоқтатуы керек екенін ашып айтты. Өнер иесі 250 адамның басын біріктіріп сәбиіне бесік той, сүндет той жасап шығындалатын адамдарды сынға алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жүсіп Ақшора 200-250 адамның басын қосып, балаға сүндет той, бесік той жасайтын ата-аналарға шүйлікті.

Әзілкештің пікірінше, үйлену тойы мен ұзату тойды ғана жасаған орынды екен.

"Тойды тоқтату керек. Жартысынан көбін алып тастау керек. Үйлену тойы мен ұзату қалсын. Бұрында сүндет той деген болмаған еді ғой.
Мал сойып, құран оқытып, ақсақалдардың батасын алса болды. Бесік тойдың не керегі бар? Кезінде бес кемпір келіп, бесікке салып, кәмпитін шашып кететін", - дейді актер.

Сонымен қатар, өнер иесі тойға шақырылған қонақтардың барлығы дерлік қуанышты бөлісу үшін келмейтінін сөз етті.

"Қазір 200-250 адам шақырасың. Алыстағы ағайындыларыңды шақырасың. Олардың барлығы шын ниетімен қуанып келе жатыр дейсің бе?

"Бәле болды ғой осы. Өткенде ғана той жасап еді" дейді. Жолда нешетүрлі жағдай болады. Қайтыс болғандар да бар.

Юбилей деген де бар. Біреудің туған күнінің кімге не керегі бар? Тусаң өзің үшін тудың", -деді өз сөзінде әзілкеш.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1817637-tusa-zin-sin-tudy-tanymal-zilkes-sndet-toj-zasap-sasylatyn-adamdarga-samdandy/