Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жылап отырған фото жіберді": Хамитованың досы онымен соңғы сөйлесуін есін е алды

Опубликовано:

Жанар Хамитованың өнерге оралуына алғашқылардың бірі болып көмектескен Әбуқай Ужасзов оның өзіне жазған соңғы хабарламаларын жария етті. Оның айтуынша, Жанар соңғы сөйлесу кезінде оған өзінің жылап отырған суреттерін жіберген деп жазады "Бір сұрақ" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Арнаудың" бұрынғы солисінің жаназасынан кейін отандық телеарналардың біріне сұхбат берген Әбуқай тың ақпаратпен бөлісті.

"Жанармен бір ақпан айынан таныспыз. Шығармашылықы жағынан, кейін бауырымыз, әпекеміздей болып кетті. Әр нәрсені бірге ақылдасып, жақын болып кеттік. Жанармен алғаш танысқан кезде ол бір шарт қойған. "Менің жеке өмірім, өткенім туралы сұрамаңдар" деп.
Соңғы рет 12 қыркүйек күні сөйлестік. Маған Whatsupp арқылы хат жазып жіберді. Сол кезде қиналып жүргенін сездім. Өйткені, "жүрегім ауырып жүр, емделіп жүрмін" деді. Сосын жылап отырған фото жіберіп, екеуін бірден өшіріп тастады" , - деді Әбуқай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1817821-zylap-otyrgan-foto-ziberdi-hamitovany-dosy-onymen-sogy-sjlesuin-esin-e-aldy/

pixel