RU
"Ертесіне айттым": Абай Бегей үйлену тойын туған қыздарынан неге жасырып қалған?

"Ертесіне айттым": Абай Бегей үйлену тойын туған қыздарынан неге жасырып қалған?

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Абай Бегей алғаш рет жеке өміріне қатысты тың мәліметтермен бөлісті. Өнер иесі екінші мәрте үйлену туралы шешімді қалай қабылдағанын және не себепті оны перзенттерінен жасырғанын "Бір сұрақ" бағдарламасында айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Абай Бегейдің сөзінше, ол үйленгелі жатқанын тіпті достарына да соңында айтқан.

"Бұл өте қиын жағдай болды. Ол кезде балаларым Ақтауда. Олар ештенені білмейді. Арада біраз уақыт өткеннен (әйелі көз жұмғаннан) кейін, қыздарым кішкентай болған соң, оларға қарайтын адам керек болды. Сол себептен, үйленуге бел будым. Той болатын күні мен Сымбат пен Әминаны Ақтаудағы ағасына айтып, бассейнге жібердім.
Әдейі желіден көріп қалмасын деп жібердім. Бұлар бассейнге барғанда телефонын суға түсіріп алыпты. Телефондары бұзылып, олар кешке көре алмай қалды. Келесі күні олар естіп, маған жылап қоңырау шалды. Маған ешкімге білдірместен үйлену керек болды. Қуаныштан үйленген ештемем жоқ" , - деді әнші.

Эстрада жұлдызының қызы Сымбат әкесінің үйленгені жайлы жаңалықты көрші баладан естігенін жеткізді.

Бұл жағдайды есіне алған өнер иесінің перзенті тікелей эфир кезінде көз жасына ерік берді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
5
2
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel