RU
Өнер академиясының жаңа ректоры есеп беру кездесуін өткізді

Өнер академиясының жаңа ректоры есеп беру кездесуін өткізді

Рассказать Вконтакте

2019 жылы 19 қыркүйек күні Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филормониясында Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ректоры Ақан Әбдуәлиевтің жылдық есеп беру кездесуі өтті.

рррррр

Кездесу барысында Академияда өткен оқу жылы бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берілді.

Соның ішінде білім беру үдерісі және оқу орнының әлемдік жаңа білім беру жүйесіне көшірілуі, қол жеткен жетістіктер мен проблемалар, сондай-ақ халықаралық әріптестік байланыстар сөз болды.

рррррр
Сонымен қатар оқу орнындағы тәрбие жұмысы, оқу үдерісін ақпараттандыру, шаруашылық-қаржылық мәселелер қамтылды.

Есептік жиында қатысушылар есеп берушіге сұрақ қойып, нақтылы, тұшымды жауап алды.

Сонымен бірге келушілер кездесу алдында вестибюльде ашылған Академия студенттерінің туындыларынан тұратын көрмені және концерттік бағдарламаны тамашалады.

рррррр

Кездесуге Алматы қаласы жұртшы­лығының өкілдері, студенттердің ата-аналары, қалалық және аудандық әкім­­шіліктердің қызметкерлері, мәслихат депутаттары, еңбек ардагерлері, қаладағы жоғары оқу орын­дарының басшылары, шетелдік елшіліктер мен консулдықтардың өкілдері қатысты.

рррррр

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel