Өнер академиясының жаңа ректоры есеп беру кездесуін өткізді
Опубликовано:
2019 жылы 19 қыркүйек күні Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филормониясында Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ректоры Ақан Әбдуәлиевтің жылдық есеп беру кездесуі өтті.

Кездесу барысында Академияда өткен оқу жылы бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берілді.
Соның ішінде білім беру үдерісі және оқу орнының әлемдік жаңа білім беру жүйесіне көшірілуі, қол жеткен жетістіктер мен проблемалар, сондай-ақ халықаралық әріптестік байланыстар сөз болды.

Сонымен қатар оқу орнындағы тәрбие жұмысы, оқу үдерісін ақпараттандыру, шаруашылық-қаржылық мәселелер қамтылды.
Есептік жиында қатысушылар есеп берушіге сұрақ қойып, нақтылы, тұшымды жауап алды.
Сонымен бірге келушілер кездесу алдында вестибюльде ашылған Академия студенттерінің туындыларынан тұратын көрмені және концерттік бағдарламаны тамашалады.

Кездесуге Алматы қаласы жұртшылығының өкілдері, студенттердің ата-аналары, қалалық және аудандық әкімшіліктердің қызметкерлері, мәслихат депутаттары, еңбек ардагерлері, қаладағы жоғары оқу орындарының басшылары, шетелдік елшіліктер мен консулдықтардың өкілдері қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817945-ner-akademiasyny-zaa-rektory-esep-beru-kezdesuin-tkizdi/