RU
Швецияға қоныс аударған Сайрагүл Сауытбай Қытай лагеріне қалай тап болған?

Швецияға қоныс аударған Сайрагүл Сауытбай Қытай лагеріне қалай тап болған?

Рассказать Вконтакте

Қытай шекарасынан Қазақстанға заңсыз өткен этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайдың басынан өткен оқиғаларынан әлем жұртшылығы құлағдар. Таяуда Швеция астанасы Стокгольмде Сайрагүлдің қатысуымен халықаралық жиын өтіп, ол Қытайдағы "қайта тәрбиелеу лагері" деп аталатын түрмеге қалай тап болғанын айтып берді деп жазады Замана басылымы.

Сайрагүл Сауытбай. Фото: qamshy.kz

Сайрагүл Сауытбай. Фото: qamshy.kz

Сауытбайдың айтуынша, жолдасы Уәли Слам екеуі 2010 жылы Қазақстанға көшу туралы шешім қабылдған.

Алайда Қытай компартиясы түрлі сылтаулармен олардың шетелге шығатын құжаттарын алып қойған.

"2014 жылдан бастап Қытай компартиясы түрлі себеп-сылтаулармен біздің шетелге шығатын паспорттарымызды мәжбүрлі түрде жинап алды. Отбасым Қазақстанға оралған кезде мені сол жақта алып қалды, жіберген жоқ.
Содан балаларды алып жолдасым кеткеннен кейін мен Қазақстанға бір рет те келген жоқпын. Екі жарым жыл бойы балаларымды көрген жоқпын", - деді Сайрагүл.

Оның отбасы Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін оған қысым күшейеді.

Сөй­тіп 2017 жылдың 11-ші айында мәжбүрлі түрде Мұңғылкүре ауданында салынған лагерьге тап болған.

"2017 жылдың 11-ші айында бір күні түнде бір бейтаныс телефон келді маған. «Сен осындай жерге келіп тұр», – дейді. Ол жердің адресін айтты. Мен сұрадым қарсы жақтан: «Сіз кімсіз?» «Кім екенімді сұрама», – дейді бейтаныс телефон.

Мен айттым: «Қайда, не үшін барамын?» – деп. Ол кезде адамдарды сондай қатты ұстап жатқан кез болатын. Сұрап едім, ол адам айтты маған: «Ертең ішкі Қытайға үйренуге барасың. Сондықтан сен сол жерге барып тұр», – деді. «Басқа ештеңе сұрама», – деді.

Ал ол жерге барғаннан кейін тағы да бір телефон нөмірін берді. "Сен сол телефонға "мен жеттім" деген екі сөз жазып қойсаң, болды", - деген бейтаныс адам.

Сөйтіп, ол айтылған жерге барған соң, "мен жеттім" деп смс жолдаған.

Сол сәтте бейтаныс адамдар келіп, оның басына қара қалпақ кигізіп, бір жерге алып барады. Басындағы қара қалпағын шешіп, ол көліктен түскен кезде ғана лагерьге келгенін түсінген.

Оның айтуынша, ол жер өте қорқынышты екен. Қару ұстаған өте сұсты сақшылар жүретін көрінеді.

"Қытай компартиясы айтқандай ол кәсіп үйрету немесе қытай тілін үйрене­тін әдеттегі мектеп емес, оның бәрі жалған, ол – түрмеден бетер қорқынышты концлагерь", - деді ол.

Лагерьге тап болған Сайрагүл қамалғандарға қытай тілінен сабақ беруге мәжбүрленген. Тіпті, құпия келісім-шарт ұсынылып, оның бір тармағына қайшы келсе өлім күтіп тұрғанын айтты.

"Барғаннан кейін мені сол жерде қа­мал­ған адамдарға қытай тілінен сабақ беруге міндеттеді және басқа да ұсақ-түйек жұмыстарға, қалай орналастыру керек болса, соған бой ұсынасың деп ескертті. Бір ғана беттік құпия келісім-шартқа отыруға мәжбүрледі мені. Оның ішінде не істеу, не істемеу керек – барлығы сонда егжей-тегжейлі жазылған. Ал мен соның бір тармағына қайшы келсем, онда мені күтіп тұрған өлім болатын", - деді Сайрагүл Сауытбай.
Сіздің реакцияңыз
5
12
36
21
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel