Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Месси жылдың үздік футболшысы атанды

Жарияланған күні:

"Барселона" мен Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси ФИФА нұсқасы бойынша 2019 жылдың үздік футболшысы атағын жеңіп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы шабуылшының өзі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Үздік футболшыға берілетін атақты алғаным үшін қуаныштымын. Бұл жеңісімді отбасыма, клубтағы әріптестерім мен достарыма арнаймын. Сондай-ақ, мақсатымызға жетуге үлкен жігер сыйлайтын жанкүйерлеріме арнаймын. Бәріңізді құшақтадым", - деді ол.

Аргентиналық шабуылшыны Италиядағы "Ла Скала" театрында марапаттады.

Ол дауыс беру нәтижесінде "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду мен "Ливерпуль" қорғаушысы Вирджил ван Дейкті артта қалдырды.

Ал үздік қақпашыға берілетін "сыйлықты" Алиссон ("Ливерпуль") алды.

2019 жылдың үздік бапкері болып Юрген Клопп танылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1818411-messi-zyldy-zdik-futbolsysy-atandy/