RU
"Жұлдыз ауруы жоқ": Бекзат Нұрдәулетов өзіне сенімді болғанын жасырмады
Жаңалықтар Қоғам

"Жұлдыз ауруы жоқ": Бекзат Нұрдәулетов өзіне сенімді болғанын жасырмады

Рассказать Вконтакте

Екатеринбургте өткен Әлем чемпионатында 81 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанған Бекзат Нұрдәулетов Sports.kz порталына сұхбат беріп, турнирден алған әсерімен бөлісіп, кәсіпқой боксқа ауысуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: sports.kz

Фото: sports.kz

Оның айтуынша, шешуші кездесу оңай болмаған. Ол таңдалған тактика мен жаттықтырушылардың кеңесінің арқасында жеңіске жеттім деп есептейді.

- Жетістікке жеткен соң өз-өзіңді жоғалтпау қиын болады ма?

- Ешқандай жұлдыз ауруы жоқ. Лицензиялық турнирге, сосын Олимпиадаға дайындалып, алтын медаль үшін күресетін боламыз.

- Жартылай финалдағы кездесу алдында Әділбек Ниязымбетовтен қандай кеңес алдың?

- Иә, ол тактика ұсынып, тәжірибесімен бөлісті. Осының арқасында жеңдім.

- Жартылай финалға қандай оймен шықтың?

- Ешқандай қобалжу болған жоқ. Жаттықтырушы айтқандай бокстастым.

- Қарсыласыңмен ойнауды жоспарланды ма әлде бірден жеңуді көзделді ме?

- Мұның бәрі жағдайға байланысты болады.

- Енді 81 келі салмақтың лидері боласың ба?

- Оны көре жатармыз. Әзірге мен нөмір біріншімін.

-Рой Джонс марапаттау рәсімінде саған не туралы айтты?

- Мен ағылшын тілін білмеймін.

- Финалда жеңісті өзбек боксшысына береді деген қорқыныш болмады ма?

- Жоқ, ешқандай қорқыныш болған жоқ.

- Тәуекелге бел будың ба?

- Мен өзіме және жеңісіме сенімді болдым. Нақты тактика қойған жаттықтырушыларыма және бізді қолдаған жанкүйерлерге рахмет.

- Кәсіпқой боксқа ауысуға қалай қарайсың?

- Менің алдымда әуесқой бокста жету керек мақсат бар: Олимпиаданы жеңім керек. Олимпиада ойындарын жеңген соң әрі қарай жоспарларды ойлаймыз.

- Бірнеше жекпе-жек қатарынан қарсыласыңды нокдаунға жібердің. Бұл сенімділік кездесу барысында келді ме?

- Біз бұл турнирге дайындалдық, сенімділік болды. Жаттықтырушыларыма рахмет, олар осы жарысқа мені тактикалық және физикалық тұрғыдан жақсы дайындады. Естеріңізге салсақ, Бекзат Нұрдәулетов 81 келі салмақта әлем чемпионатының алтынын иеленген еді. Ол финалда өзбекстандық Ділшодбек Рузметовпен кездесіп, қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бекзатты жеңісімен құттықтады.

23 қыркүйекте Ақтау жұртшылығы әлем чемпионын әуежайдан күтіп алды.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel