"Үлкен балалары бар": Динара Сұлтан отбасылы азаматпен бас қосқанын жайып салды
Жарияланған күні:
Танымал әнші Динара Сұлтан Астана телеарнасындағы "Оңай емес" бағдарламасында көптеген шындықтың бетін ашты. Әнші қазіргі күйеуімен "Екі жұлдыз" жобасында танысқанын, кейінірек отбасылы азаматпен көңіл жарастырып, жары атанғанын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Өнер иесі алғашқы некесі сәтсіз болғанын, жастықтың буымен тұрмысқа шыққанын ашып айтты.
Динара Сұлтанның сөзінше, бірінші күйеуімен бір жарым жыл ғана бірге тұрған.
Әртіс араларында бір қыз бар екенін, баласы мен әкесі араласып тұратынын, оған қарсы болмайтынын білдірді.
Әнші қазіргі күйеуімен он жылдай бұрын "Екі жұлдыз" бағдарламасында танысқанын, күйеуінің кәсіпкер екенін жеткізді.
Динара Сұлтан жарымен көңіл жарастырған уақытта оның жанұясы болғанын жасырмады.
"Шынымен де, жанұясы болды, өзінің үлкен балалары бар. Мен сол кезде жас болсам да, барлығын түсініп тұрдым. Кезінде "Керек емес шығар" деп айттым. Ол "Сынған ыдысты орнына келтіре алмайсың" деді.
Мүмкін жанұяларында бір проблема болған шығар. Ол өз қалауымен ажырасып кетті.
Әрине, ол кезде ұрыс-керіс болғаны анық. Мен оны ештеңеден, ешкімнен жұлған жоқпын, тартқан емеспін", - деді өнер иесі.
Әнші бастапқыда отбасылы еркекпен көңіл қосқаны үшін ұялғанын да ашып айтты.
Ол күйеуінің туыстары жақсы қабылдағанын, "Біздің келініміз Динара Сұлтан" деп айтып жүретінін білдірді.
Динара Сұлтан қазіргі жолдасы өмірде де, өнерде де үлкен қолдау болғанын жасырмады.
"Ол кісіні кездестірген кезде өмірім 180 градусқа өзгерді. Сол 2011 жылдан бастап біргеміз. Бірге қол ұстасып келе жатырмыз. Өзімнің жеке Динара Сұлтан болып шығуыма, қалыптасуыма көңілін де, қаражатын да - бәрін бөлді", - деді ол.
Әнші 10 жылдан кейін той жасағандарын да айтты.
Сондай-ақ, Динара Сұлтан күйеуінің балаларымен араласып тұратынын, жарының жомарт азамат екендігін білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1818443-lken-balalary-bar-dinara-sltan-otbasyly-azamatpen-bas-koskanyn-zajyp-saldy/