Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айдай Исаева атышулы "Қалаулымның" үшінші маусымын жүргізетін болды

Опубликовано:

Атышулы "Қалаулым" бағдарламасының үшінші маусымын белгілі модель Айдай Исаева жүргізетін болды. Бағдарламаның жаңа маусымы "НТК" телеарнасынан көрермендерге жол тартпақ деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: Instagram

Бағдардама жайлы жаңалықты журналист Шаһкерім Кәрмен өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

Онда ол үшінші маусым НТК арнасында, сағат 15:00-де, жаңа жүргізуші және қатысушылармен ашылатынын мәлім еткен.

Кейін белгілі болғандай, "Қалаулым сен" бағдарламасының жаңа маусымын белгілі модель Айдай Исаева жүргізеді екен.

Журналист бұл жаңалықты да өзінің желідегі парақшасына жүктеген.

"Біз бастадық. Енді жолымыз ақ болсын деп тілеймін", - деген қысқа ғана жазба қалдырған ол.

Желі қолданушылары жаңа жүргізуші мен бағдарламаға арнап өз тілектерін жаудырған. Олар "Жарайсыздар", "Ақ жол", "Сәттілік", "Қалаулым бұрынғыдан да қызығырақ болатын шығар" деген тілектерін жаудырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1818466-ajdaj-isaeva-atysuly-kalaulymny-sinsi-mausymyn-zrgizetin-boldy/

pixel