RU
Жеке өмірі жайлы сыр шерткен Абай Бегейдің екінші жары неге көзіне жас алды?

Жеке өмірі жайлы сыр шерткен Абай Бегейдің екінші жары неге көзіне жас алды?

Рассказать Вконтакте

Осыдан бір жарым жыл бұрын екінші рет шаңырақ көтерген Абай Бегей бүгінде Алматыда жанұясымен бірге тұрады. Үйленген соң қыздарының ренішіне қалған әнші бүгінде тату-тәтті отбасының отағасына айналған. Ал сахна серісінің екінші жары Фариза қыздармен етене жақын араласып кеткен. Ол тіпті, балақайларға марқұм анасы үшін дұға жасау қажеттігін айтып отырады екен. Бұл туралы әншінің жұбайы "Бір сұрақ" бағдарламасында сөз етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Бір сұрақ

Фото: Видеодан кадр/ Бір сұрақ

Алғашында үйленетінін қыздарынан жасырған Абай Бегей әбден әбігерге түскен.

"Менің қуаныштан үйленген ештеңем жоқ. Тойды тезірек өткізіп, қыздарыма кеткім келіп тұрды", - дейді ол.

Ал бүгінде ән айтуды қолға алып жүрген Сымбат әкесінің қайта шаңырақ көтергенін досынан білген екен. Той өткен соң ғана бұл жаңалықты әкесінің аузынан естіпті.

"Көрші досым "Әкең үйленіп жатыр ғой" деп айтты...", - деген Сымбат көз жасын тыя алмай қалды.

Бүгінде Абайды "тақсыр" деп атайтын жұбайы Фариза қыздармен жақсы қарым-қатынаста. Күйеуімен құрбысының тойында танысқан ол алғашында тұрмыс құру жайлы ойламаған да көрінеді.

"Басында үйлену жайлы ешқандай әңгіме болмады. Кейін араласа келе, ол кісінің қарапайымдылығына тәрбиелілігіне, кішіпейділігіне қызықтым. Басында ата-анам қарсы болды", - дейді әншінің жары.

Нұр-Мүбәрак университетін тәмамдаған Фариза бүгінде қыздармен жақсы қарым-қатынас орнатуы дұғалар мен шариғат білімінің арқасында деп сенеді. Ол Сымбат пен Әминаға аналары үшін дұға жасауды да үйретіп жүреді екен.

"Негізі, басында аналары жайлы көп айтпайтынмын. Бірақ, мешітке барсам, "Садақа беріңдер және аналарыңның атын айтыңдар, өйткені ол кісіге сауап болады" деп үйретемін. Қадір түнінде де "Дұға тілеңдер, дұға қабыл болады, аналарыңмен бірге боласыңдар" деп айттым", - деген Фариза көз жасына ерік беріп, жылап қалды.
Сіздің реакцияңыз
11
2
3
0
7
16
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel