Геннадий Головкин WBO ТОП-15 рейтингісінен шығып қалды
Жарияланған күні:
Қазақстандық атақты кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) ТОП-15 рейтингісінен шығарылды деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Жаздың соңында GGG орта салмақ бойынша көш бастап тұрды. Алайда, бүгін оның тізімнен шығарылғаны белгілі болды.
Осы айда аталмыш тізімде көшбасшылық ету канадалық боксшы Стивен Батлерге бұйырды.
Сонымен қатар, Головкинмен жекпе-жек өткізуді жоспарлаған Сергей Деревянченконың да үздіктер қатарынан түсіп қалғаны анықталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818594-gennadij-golovkin-wbo-top-15-rejtingisinen-sygyp-kaldy/