RU
"Qalayym Live": Аша Матай жаңа бағдарламамен ел алдына қайта оралды (фото, видео)

"Qalayym Live": Аша Матай жаңа бағдарламамен ел алдына қайта оралды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

"Еуразия" Бірінші арнасында көптен күткен "Qalayym Live" реалити-шоуы басталды. Тележүргізуші Аша Матай үш сағат бойы тікелей эфирде жастарды жарастырмақ деп жазады Zakon.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Эфирге ұзақ үзілістен кейін шыққан соң, әсерім ерекше болып тұр. Қатысушылар үшін қуаныштымын, мен бақыттымын. Өз тағдырын кезіктіру үшін оларға ұзақ жола шығуға тура келеді. Ал, біздің мақсатымыз - оларға лайықты жұп таңдау.
Екіншіден бүкіл ұжымды жаңа эфирмен құттықтағым келеді. Көрермендер бізді жақсы көріп, бізбен болады деп ойлаймын. Олар біздің рейтингті көтеріп қана қоймай, махаббаттарын да сыйлайды деп ойлаймын. Мұның бәрі халық үшін жасалып жатқандықтан, ең маңыздысы осы", - деді Аша Матай.
Видеодан кадр

Видеодан кадр

Айта кету керек, тележүргізуші бұл жолы жобаны жалғыз жүргізбепті. Ашаның ішіндегі сәбиі де қимылдап, анасы қолдау көрсеткен көрінеді.

"Эфирге жалғыз емес, аяғым ауыр болып шыққан соң, қобалжу болды. Эфирді жүргізу қиынға соғама деген қорқыныш болды. Бірақ бәрі ойдағыдай өтті. Баламның қимылдағанын сездім, ол да мен үшін қуанды деп ойлаймын", - дейді тележүргізуші.
Видеодан кадр

Видеодан кадр

Аша Матайдың айтуынша, "Qalayym Live" реалити-шоуының басты мақсаты 23 қатысушыға жүрек жартыларын табуға көмектесіп қана қоймай, алтын, гауһар тойларын бірге атап өтетіндей жұп жасау.

"Басты мақсат - бір-бірін іздеген қос жүректің қосылуы. Олардың дұрыс отбасы құруы. Қазақстанда ажырасу коэффициенті өте жоғары. Адамдар бұл жағдайды айналып өтсе екен деймін. Егер жұп болса - мәңгілік болу керек. Берік отбасын құру - біздің бірінші мақсатымыз. Екінші мақсатымыз - жастарға салт-дәстүрлерімізді дәріптеп, тәрбиелеу. Дұрыс үлгі көрсеткіміз келеді. Осы маусымның мақсаты осындай", - деп түйіндеді Аша Матай.
Видеодан кадр

Видеодан кадр

Реалити-шоуға жұлдызды жұптар қонаққа келді. Олардың ішінде Мирас пен Құралай, Ерлан мен Баян бар. Әншілер тек ән салып қана қоймай, қатысушыларға отбасылық өмірдің қызығы мен қиындығын, некені сақтау жолдарын, бірін-бірі сыйлай білу керектігін айтып берді.

Отбасылық дуэттерден бөлек, Айқын, Серікбол Сайлаубек, "Азия", "Бақай" топтары да өнер көрсетті.

"Оларға қолдаулары үшін үлкен рахмет. Бізді алғашқы эфирмен құттықтап келгендері үшін рахмет", - деп Аша Матай әріптестеріне алғыс айтты.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Ашам Матай тізгіндеген атышулы Қалаулым бағдарламасын енді "Қазақстан аруы" Айдай Исаева жүрізетінін хабарлаған едік.

Сіздің реакцияңыз
11
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel