RU
Алматыда тұтқынға алынған бас дәрігерді қолхатпен босатты

Алматыда тұтқынға алынған бас дәрігерді қолхатпен босатты

Рассказать Вконтакте

Алматы полиция департаменті басшысы Серік Күдебаевтың ұлының өліміне қатысты тұтқындалған Қанат Тезекбаев ешқайда шықпау туралы қолхатпен жіберілді. Бұл туралы Tengrinews.kz порталына бас дәрігердің қорғаушысы хабарлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қанат Тезекбаев. Фото: ок.ru

Қанат Тезекбаев. Фото: ок.ru

Заңгер 22 қыркүйек күні тұтқындауға санкция берілгенін атап өтті. 25-і күні олар қарсы шағым түсіріп, шешім күшін жойған.

"Оны біраздан соң тергеу изоляторынан шығарады", - деді қорғаушы.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін №4 аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаевтың қамалғаны белгілі болған еді. Бүгін аталған аурухананың тағы бір дәрігері Асқар Тұңғышбаевтың екі айға темір торға тоғытылғаны хабарланды.

Екеуіне де қызметіне салғырттық танытқан деген айып тағылуда.

Медиктер полиция департаментінің басшысы Серік Күдекбаевтың ұлы қайтыс болған соң тергеуге алынған.

Бас дәрігердің әйелі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан істің әділ тергелмеуінен қауіптеніп, өз бақылауына алуын өтінген еді.

Сондай-ақ, Дәрігерлер қауымдастығы да денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан әріптестеріне араша түсуді сұрап, хат жолдады.

Нью-Йоркте жүрген мемлекет басшысы да аталған іске қатысты пікір білдірді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel