RU
"BӘLentino": Тұрсынбек Қабатовтың әйелі төрт млн теңгелік киімін көрсетті (видео)

"BӘLentino": Тұрсынбек Қабатовтың әйелі төрт млн теңгелік киімін көрсетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей 5 млн теңгеден асатын бриллиант сырға тағады, ал Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанованың бір киіп шығатын киімі төрт млн теңгеге жуықтайды. Бұл туралы YouTube желісіндегі "Bәlentino" әлеуметтік жобасында белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Көрерменге жол тартқан жаңа жобада Нұр-Сұлтан тұрғындары сыртқа бір рет киіп шығатын киімдерінің бағасын жасырмай айтады.

Мәселен, Әсел есімді елорда тұрғынының Испанияда сатып алған күртешесі 225 000 теңге, көйлегі 83 000 теңге, тағы да Испанияда алған аяқ киімі 345 000 теңге, ал сыйлыққа алынған сөмкесі 520 000 теңге, көзілдірігі 50 000 теңге, қол сағаты 45 000 теңге, сырғасы 40 000 теңге тұрады.

Жалпы алғанда, Әселдің үстіндегі киім бағасы 1 млн 318 мың теңге. Бойжеткен кейбірін өзі сатып алса, кейбірін әкесі мен әпкесі сыйға тартқанын айтады.

Ал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова қымбат бренд көйлегін 1 млн 700 мың, сөмкесін 1 млн 600 мың теңген алған.

"Үстімде жалпы алғанда төрт млн теңгенің киімі бар", - дейді ол.

Жобаға қатысушылар негізінен Chanel, Alexander mcqueen, Dior, Louis Vuitton, Valentino, Balenciaga, Oscar de la renta, Tiffany, Cartier сынды әлемге әйгілі брендтердің киімін алған.

Жоба авторларының бірі, журналист Дина Алидің айтуынша, мұның астарынан қандай да бір қиындық іздеудің қажеті жоқ.

"Аталмыш жобаның саясатқа еш қатысы жоқ. Біз бұл жоба арқылы біреудің шамына тиіп, біреудің дүниесін көрсетуді көздемейміз. Сол себепті барлығына жеңіл қарауды сұраймыз", - дейді Дина.
"Сән мен стиль туралы әлеуметік жобада біз кішкене суықтау келетін тұрғындарын ашып көрсеткіміз келді. Бұлай ашылып сөйлеу біздің астана тұрғындарында көп кездесе бермейді. Біздің әлі бірнеше жобамыз бар. Ал сән туралы әңгіме ешқашан да сәннен шықпайды", - дейді продюсер Ақерке Қошанова.

"Bәlentino" жобасына қатысқандар арасында қарапайым елорда тұрғындарымен қатар, журналист Айгүл Мүкей мен Мөлдір Мұқанова бар.

Сіздің реакцияңыз
39
0
5
2
2
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel