Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айқынның бірінші жұбайын алғаш рет көпшілікке көрсетуге кім себепкер болған?

Жарияланған күні:

Ресей эстрадасының жұлдызы Сосо Павлиашвили әнші Айқын Төлепбергенмен бірге ән айту идеясы қайдан келгенін айтып берді деп хабарлайды НТК телеарнасындағы Ревю бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Сұхбат барысында Сосо Павлиашвили Айқынмен орындаған "Каждый день" әнінің өмірге қалай келгенін сөз етті.

"Бұл дуэт біздің ортақ досымыз Аслан Тілеубайдың арқасында пайда болды. Ол мені Айқынмен таныстырған еді. Айқын өте талантты жігіт. Мен оған ән ұсындым, ол да қарсы болмады", - дейді ресейлік әнші.

Өнер иесі қазақстандық әншінің жұбайын көпшілікке көрсетуіне себепкер болғанын да жасырмады.

"Мен көрерменге өміріміздегі ең бағалы дүниелерді көрсеткім келді. Себебі отбасы біздің барымыз", - деді Павлиашвили.

Сондай-ақ ол Айқынның бірінші жұбайына ажырасып кеткенін естігенін де жасырмады.

"Өкінішке орай бұл жаңалықты естідім. Бастысы, олардың ортақ балалары бар. Сол балапандар қиналмаса екен деймін", - деді өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1818990-ajkynny-birinsi-zbajyn-algas-ret-kpsilikke-krsetuge-kim-sebepker-bolgan/