jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

"Салмағы 26 келі": Атырау облысында алып сүйек табылды (фото)

: Facebook

Атырау облысындағы Индер ауданы Есбол ауылынан алып сүйек табылды деп хабарлайды atpress.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: atpress.kz
Фото: atpress.kz: Facebook

Күні кеше Facebook әлеуметтік желісінде Ұзақбай Шахмет есімді қолданушы ерте заманда өмір сүрген жануардың алып сүйегінің суретін жариялады. Салыстыру үшін ол "Уаз" автокөлігінің жанына қойылған.

Индер аудандық "Дендер" газетінің хабарлауынша, оны Орал жағасынан Есбол ауылының тұрғыны Досбол Байғалиев тауып алыпты. Сүйектің салмағы 26 келі, ұзындығы бір метр шамасында.

Оның қай жануарға тиесілі екенін тек мамандар анықтай алады. Мамонттың сүйегі болуы да ғажап емес. Себебі, мамонт сүйегі осы уақытқа дейін Атырау облысы аумағында, соның ішінде Индер ауданы мен Махамбет ауданында табылған.

"Салмағы 26 келі": Атырау облысында алып сүйек табылды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.