Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатын құтырған заман": Құралай ханым байлыққа құштар келіндер одағын құрмақ

Опубликовано:

Instagram желісінде ақыл-кеңестерімен бөлісіп, қыз-келіншектер арасында түрлі семинар-тренингтерімен танылған психолог Құралай Ошақбаева келіндер одағын құрмақшы. Ол бүгінгі қоғамға жас қыздарды тәрбиелейтін,салт-дәстүр мен ырым-тыйымдарды айтып отыратын өзі секілді "тәтелер" керек екенін алға тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Маугли" ертегісін елдің есіне салған Құралай ханым ондай кейіпкерлер шын өмірде болғанын жазды.

Адам баласын тәрбиелейтін қоғам екенін тілге тиек еткен психолог жас қыздар "Маугли болып кетпеу үшін" қазақылығымызды, салт-дәстүрімізді, ырым-тыйымымызды айтып отыратын адам қажет екенін айтты.

"Артымнан ерген сіңілілеріме, аузымды толтырып, айқайлап тұрып айтуға, толық қанды, рухани, әлеуметтік, саяси, тағы қандай дейсіз барлық құқығым бар!!!

Қайта, секта мекта деп сынамай: "Әй ана Құралайды оқыңдар!"-деп, жас келіндерге айтып жүріңіздер!

Себебі, үйде сіз жеткізе алмаған әңгімені, мен жетесіне жеткізіп тұрып айтып беремін! Бір құлағынан кіріп, екіншісінен ақса да, кішкене бөлігі қалады! Соның өзі біраз нәрсені жөндеуге жететін болады!

Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ, қатын құтырған заман қәзір! Қатын құтырса, ұрпақ құриды! Гейлер қаптайды! Қоғам бүлінеді! Жастар үйленбей, бұзылып өмір сүреді!

Отбасы институтын сақтап қалуымыз керек! Бізге мықты ұрпақ керек!

Оны тәрбиелейтін біз - әйелдер! Сондықтан бүгіннен бастап Қазақ келіндерін жақсылыққа жетелейтін, өзін өзі тәрбиелейтін, бақытқа байлыққа құштар келіндер одағын құрамын!", - деп жазды Құралай ханым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819449-katyn-ktyrgan-zaman-kralaj-hanym-bajlykka-kstar-kelinder-odagyn-krmak/

pixel