RU
Психологиялық кеңестер: Ұялшақтықтан қалай арылуға болады?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Психологиялық кеңестер: Ұялшақтықтан қалай арылуға болады?

Рассказать Вконтакте

Бізді бала күнімізден ұялшақ болу - өте жақсы қасиет деп өсірді. Алайда ұялшақтар ортаға сіңісу барысында көптеген қиындықтарға тап болады. Ұялшақ адамның өмірінде қарым-қатынаста мәселелері көп әрі олар шиеленіске толы деп жазады Life.ru порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Ұялшақ адамдарға жаңа таныстықты бастау қиынға соғады. Әдеттегідей, олар өз-өздерін төмен бағалайды: ойларын айтуға, өз құқықтарын қорғауға қорқады. Бұлар - жылдар бойы бір қызметте отыра беретін адамдар. Жалғыздық, мазасыздық, депрессия - ұялшақтықтың сыңарлары.

Ұялшақтықтан арылғыңыз келсе мына кеңестерге құлақ түріңіз:

Алдымен өзіңіздегі сенімсіздік пен қорқыныш сезімі қайдан пайда болғанын түсінуге тырысыңыз. Сіз өзіңізді түсініп, өзіңізбен келісімге келуіңіз керек. Сіздің басқалардан, басқалардың сізден еш айырмашылығы жоқ. Сіз де өз ойын айтуға құқылы және қызықты әрі сыйлауға тұрарлық адамсыз. Сіз біреудің ойына тәуелді болсаңыз, біреу де сіздің ойыңызға тәуелді болуы мүмкін.

Өзіңізді басқалар не ойлайды деген ойсыз, сабырмен жан-жақты бағалауға үйреніңіз. Осылайша, сіз бағаңызды өзіңіз көтересіз.

Айналаңыздағы барлық нәрсеге салмақты қарамай, қалжыңдасып үйреніңіз. Өзгелердің де сізбен қалжыңдасуына мүмкіндік беріңіз. Осы арқылы сізде біртіндеп сенімділік пайда болады.

Актерлік шеберлік, шешендік өнер курстарына барыңыз. Курста өзіңізге сенімділік пен ашық болуды үйрететін арнайы сбақтар бар. Көпшілік алдында сөйлеуге қысылатын қорқынышыңызға тіке қарап үйренесіз.

Өзіңіздің сырт-келбетіңізге мән беріңіз. Адамның сырт келбеті мен ішкі дүниесінде көзге көрінбейтін байланыс бар. Қаншалықты жақсы көрінсеңіз, соншалықты өзіңізге сенімді боласыз.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel