RU
"Күлкілі:" Жанар Айжанова келіннің фатасын түсіре салып, беташар жасайтындарды сынады

"Күлкілі:" Жанар Айжанова келіннің фатасын түсіре салып, беташар жасайтындарды сынады

Рассказать Вконтакте

Белгілі әнші, актриса, тележүргізуші Жанар Айжанова тек өнерімен ғана емес, әлеуметтік желідегі өткір жазбаларымен де танымал. Бұл жолы ол қазақтың нағыз "Беташары" қалай болатынын айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Танымал әнші бұл туралы ойын өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Әр ұлттың өзіне ғана тән, өзіне ғана жарасатын салт-дәстүрі болады. Бізде де кереметтері бар. Мысалы "беташар". Шаңыраққа тойлатып-думандатып келін келген кезде үлкен аналарымыз бірден бетіне үлкен ақ орамалды салып, ешкімге көрсетпей, екі абысыны қолтығынан сүйеп, жастар жағы жарыса жар-жар айтып босағадан аттатады.

Ақсақалдар батасын беріп, кей жерлерде ағарғаннан ауыз тигізіп жатады. Үйдің бір бұрышында келінге шымылдық құрып, ішіне келінге арнайы тігіп қойған көрпешесін төсеп қояды. Келін кірген кезде енесі құрақ ұшып, келіннің бетіне жапқап орамалын иығына ысырып, кішірек ақ орамалды көзіне түсіріңкіреп тартады. Себебі бетін әлі ешкім көрген жоқ.

Көрем дегендерді көрімдік бермесе шымылдық ішіне кіргізбейді. Ол да өзінше қызық, жиналған абысын-ажындар көрімдіктен түскен ақшаны ырым қылып, қылдай бөліп алып жатады. Ас ішіліп, дастархан батасы берілгеннен кейін, келіншекті алып шығып, аяғының астына тойға сойылған қойдың жас терісін төсеп, асаба жігіт бет ашады. Ары қарай өздеріңе түсінікті...", - деді Айжанова.

Оның сөзінше, ата-бабамыз қойдың терісін келіннің аяғына құл болсын деп емес, мінезі жайлы болсын деп тастаған көрінеді.

"Ал теріні аяғына құл болсын деп емес, мінезі жұмсақ "көркем мінез" болсын деп төсейді. Беташардың ақшасын түгел бет ашқан жігіт, "тілектерің қабыл болсын " деп өзі алатын. Қазір той иелерінің "өзіміз аламыз" дегені қисынсыз. Ресторанда иығы ашық көйлекпен тұрған келіннің бетіне фатасын түсіре салып бетін ашқаны тіптен күлкілі.
Келіннің беті екі рет ашылмайды және өз отбасында ашқаны дұрыс деп ойлаймын. Не айтатыны бар бабалардан қалған ырым қырын кетіп бара жатыр. Айтайын дегенім салтымызды өзіміз ұстанбасақ, бұралқылардың оған басы ауырмайды. Айтатын ой көп, мен тек "осы қалай" дегендеріне ғана шолу жасадым", - деп жазды Жанар Айжанова.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
1
32
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel