Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аспаннан түс": Қайрат Нұртас жанкүйері ұсынған сыйлықтан бас тартты

Жарияланған күні:

Қазақ эстрадасының мега-жұлдызы Қайрат Нұртас бір тыңдарманның көңілін қалдырды. Ол жанкүйері ұсынған костюмнен бас тартты деп жазады Youtube желісіндегі ShowNewsKZ парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Оқиға белгілі сазгер әрі әнші Ғазизхан Шекербековтың шығармашылық кешінде орын алған.

Кадрдан сахна сыртында тұрған Қайрат Нұртасқа тыңдарманның бірі күртешесін сыйлағысы келгенін, ал тосыннан келген сыйлыққа әртістің қуана қоймағанын байқауға болады.

Әнші жанкүйерінің өтінішінен бас тартып, қолын қақты. Костюмді алмайтынын айтты. Есесіне онымен суретке түсуге қарсы емес екенін білдірді.

Мұны көрген желі оқырмандары "Аспаннан түс", "Қайрат халықты сыйлау керек", "Тыңдарманның көңілін қалдырмай ала салса болатын еді" , "Қарапайым болу керек" деген пікірлер қалдырды.

Арасында Қайрат Нұртасты жақтағандар да көп болды.

Олар әншінің әрекетінде ешқандай менсінбеушіліктің болмағанын, жанкүйер қазақ эстрада жұлдызының мазасын алып жібергенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1820194-aspannan-ts-kajrat-nrtas-zankjeri-syngan-syjlyktan-bas-tartty/