RU
Қара шаңырақты неге бұзуға болмайды?

Қара шаңырақты неге бұзуға болмайды?

Рассказать Вконтакте

"Анамның көзін көрген жүк", "Әкемнің иісі сіңген тақия" деген сөздерді сіз де жас кезіңізде анаңыздан, әкеңізден талай рет естіген боларсыз. Үйдің берекесі қаланған әр кірпішпен бірге келеді екен. Бұрынғы өткен аталарымыз қара шаңырақтағы кей заттарды бұзуға жол бермеген деп жазады Ernur.kz.

Көрнекі фото: news.shymkent13.ru

Көрнекі фото: news.shymkent13.ru

Басылым қара шаңырақ пен бауды бұзып, орнына жаңадан үй көтергісі келген балаларына қарияның жауабын жазды.

Біріншісі, үйд бұздырмаған

Себебі айтпаса да түсінікті. Үйді бұзғанша басқа жер сатып алып, жаңа үй салыңдар. Бұл маған әлдеқайда жеңіл болмақ. Бұл үйді салуға үлкен-кіші бәрі жұмылған. Еңкейген кемпірлер мен қарнында баласы бар әйелдер де көмектескен. Ол кезде казіргідей дайын кірпіш қайдан болсын. Лай мен сабанды араластырып, қолдан кірпіш құятынбыз. Бала болып біз де қарап тұрмадық. Сабан тасыдық, лай әкелдік. Таңның атысы, күннің батысы еңбектендік. Таласа-тармаса тамақ жедік. Аз іс тындырғанымызға масайрап төрден орын алатынбыз. Сонда ата-әжелеріміз, әке-шешеміз бізден қалған тамақты талғажау ететін. Қаншама күш, қанша еңбек сіңді, тер төгілді. Соны біле тұра шаңырағымды ортамызға түсіремін дейсіңдер. Оны көргенше, тірідей көмілгенім артық болар. Құс екеш құс та өз ұясын бұзбайды ғой.

Екінші, бауды бұзуға болмайды

Қазақта «Бір тал кессең, он тал ек», «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген мағыналы сөз бар. Тереңіне үңілсең атаң еккен бауды меңзейді. Қартайған, жеміс салуды тоқтатқан ағашты кесуге рұқсат бар. Бірақ уақыт оздырмай жаңасын отырғызу керек. Өздерің де аталарың қайтқан соң бірталай ағаштың жеміс бермей қойғанына куә болдыңдар. Сонда оны түбімен қопарып тастамай, баптап күту керек еді. Ол өзін баптайтын күтушісінен айырылған соң жетімсіреп қалды ғой. Жетімнің де басынан сипап, бауырыңа тартсаң, мейірленеді емес пе? Сол секілді ағаштың жаны болмаса да жүрегі бар, көзі болмаса да көңілі бар.

Үшінші кезекте, тандырды бұзбайды

Сендердің көздеріңе сүйелдей болып көрініп тұрған тандырда менің анамның, әкемнің қолының іздері бар. Тандыр осы шаңырақ тұрмақ, бір көшені тамақтандырған десем артық айтпаймын. Анамыз тандырға нан жабатын, шоғына тамақ, сүт пісіретін. Тандырға піскен нанның иісі-ақ тойдырып қоятын. Тандырға піскен нанда береке бар. Дүкеннен алған нанды өздерің де, балаларың да суы қашты деп ертеңіне жемейсіңдер. Ал тандырдың наны апталап тұрса да ескірмейді, көгермейді, күші де кетпейді. Тандыр нанының құнары мол, қуаты басым.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
13
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel